Аймақтар
1 мин оқу 503

Нөмірі жоқ машинаға басқаныкін салған

<p style="text-align: justify;">Ауыл арасында кейде жол тәртібін өрескел бұзушылық кездесіп қалады. Жуырда СҚО Есіл ауданында полиция &laquo;Қауіпсіз жол&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында отын әкеле жатқан &laquo;Урал&raquo; жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде оның нөмірлік белгілері басқа көлікке тіркелгені, ал рөлде отырған Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғынында көлік жүргізу құқының болмағаны анықталды. Ол 2014 жылы жүргізуші куәлігінен 6 жылға айырылған. Айыру мерзімі өтсе де, ол жүргізу құқығын қалпына келтірмеген. Ал нөмірді кәсіпорындағы басқа машинаныкін байқамай алып кетіппін деп түсіндірген.</p>

Нөмірі жоқ машинаға басқаныкін салған

Жүк көлігінің иесі Қызылжар ауданының 59 жастағы тұрғыны жүргізуші куәлігі жоқ адамның жүргізуіне сеніп тапсырғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Жалпы іс-шара барысында облыс жолдарында 1591 түрлі құқық бұзушылық, оның ішінде 81-і жылдамдықты асыру, 62-сі маневрлеу қағидаларын бұзу фактісі анықталды. 17 жүргізуші масаң күйде рөлге отырған фактілер анықталған.

Бөлісу:
Нөмірі жоқ машинаға басқаныкін салған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар