Коронавирус
1 мин оқу 110

Шетелден ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды

<p style="text-align: justify;">Өткен тәулікте халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

20 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 2 155 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 1 828 адам, анықтамасыз - 327 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 682 жолаушы, анықтамамен - 1 430, анықтамасыз - 252;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 398; анықтамасыз - 75.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тест тапсырды және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.

19 ақпанда анықтамасыз келген 337 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Ыстанбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.

Бөлісу:
Шетелден ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар