Елорда
1 мин оқу 115

Елордада қысқы триатлон жарысы өтті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон паркінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарысы өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласы триатлон федерациясының президенті Ержан Біржанов, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының басшысы Нұргүл Ұлжекова қатысты.

Жарысқа тек елордалықтар ғана емес, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы жиналды.

Қатысушылар жүгіруден 2 шақырым, веложарыстан 3 шақырым, шаңғы жарысынан 2,5 шақырым қашықтықта бақ сынады. Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтаған жеке жарыстың әрбір қатысушысы мәре сызығында медальдармен марапатталды.

Жас санаттары бойынша I, II, III орын алған спортшылар 23-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясының кеңсесінде арнайы марапатталатын болады.

Бөлісу:
Елордада қысқы триатлон жарысы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар