Күрес
1 мин оқу 306

Ғұсман – қола жүлдегер

<p style="text-align: justify;">Тель-Авив (Израиль) қаласында мәресіне жеткен дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды.</p>

Ғұсман –  қола жүлдегер

60 кило салмақта сынға түскен Ғұсман жарысты екінші айналымнан бастады. Бастапқы бәсекелерде қандасымыз брази­лиялық Аллан Кувабараны жеңгенімен, кейінгі белдесуде әзербайжандық балуан Давуд Маммадсойға есе жіберді. 

Жұбаныш кездесуінде қазақстандық дзюдошы Израиль өкілі Мата Коколаевтан басым түсіп, қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды. Кіші финалда украиналық Артем Лесюкті «ваззари» ұпайымен жеңіп, Grand Slam жа­рысының қола жүлдегері атанды. Бір айта кетерлігі, бұл отандық дзюдошылардың жа­ңа маусымдағы алғашқы жүлдесі болатын.

 

Бөлісу:
Ғұсман – қола жүлдегер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар