Аймақтар
1 мин оқу 580

Серікбол Қондыбайдың екі кітабының тұсауы кесілді

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы Серікбол Қондыбай мемориалдық музейінде ғалымның еңбектері желісі бойынша екі бірдей кітаптың тұсаукесері өтті. Олар - 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен &laquo;Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы мен Ұлы дала өркениеті&raquo; және &laquo;Серікбол Қондыбай зерттеулерінің ғылыми-танымдық тұжырымдамасы&raquo;. Шараға кітап авторлары, серікболтанушылар мен өлкетанушылар қатысты.</p>

Серікбол Қондыбайдың екі кітабының тұсауы кесілді

Айта кетейік, Серікбол Қондыбай -  географ, өлкетанушы, тарихшы және тұңғыш мифолог. «Маңғыстау географиясы», «Гиперборея түс көрген заман шежіресі», «Есен қазақ», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Арғықазақ мифологиясы» атты еңбектердің авторы. Ол - Қазақстанда мифтік лингвистикалық мектептің негізін салушылардың бірі. Ол осы жолда мифтік деректер мен мифологиялық нышан-символдарды жүйелеудің әдістемесін және әдіснамасын қалыптастырды. Жарық көрген кітаптар ғылыми көпшілікке, оқырман қауымға және магистранттарға арналған оқулық болмақ.

Бөлісу: