Елорда
1 мин оқу 480

Елордада 21 мектеп карантинге жабылды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорданың білім беру ұйымдарындағы коронавирус статистикасын айтып берді, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

«2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша жаңа оқу жылы басталғаннан оқушылар арасында КВИ 1017 жағдайы тіркелген, оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 232 немесе 22,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында – 785 жағдай, яғни 77,2%. 79 мектеп карантинге жабылды, қазіргі уақытта 21 мектепте карантин жалғасуда», деді С. Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.

Студенттер арасында КВИ-дің 174 жағдайы тіркелді, колледж студенттері арасында – 35, ЖОО студенттері арасында – 139. Оның ішінде оффлайн форматта оқитындар арасында – 10, 6 жағдай – ЖОО студенттері арасында және 4 жағдай – орта оқу орындарының сутденттері арасында анықталған.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын 94 балада КВИ анықтады. Қазіргі уақытта 907 үй ошағы бар, 2260 қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауда», - дейді С. Бейсенова. Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ақпан айының басынан бері коронавирустың 2192 жағдайы тіркелген.

Бөлісу:
Елордада 21 мектеп карантинге жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар