Бокс
1 мин оқу 230

Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев халықаралық жарысты сәтті бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшылар Болгарияда халықаралық турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бүгін Софияда бокстан "Странджа-2021" халықаралық бокс бәсекесі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Саматәлі Төлтаев жарысты жеңіспен бастады. 

Алғашқы айналымда ол түркиялық Айкөл Мизамды 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. 

Айта кетерлігі, аталған халықаралық дода 27 ақпанға дейін жалғасады. 

Бөлісу:
Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев халықаралық жарысты сәтті бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар