Аймақтар
1 мин оқу 590

Мандоки мұрасы – түркі халықтарына ортақ құндылық

<p style="text-align: justify;">Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев&shy; бастамашы болған &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; бағдар&shy;ламасының &laquo;Түркі әлемінің генезисі&raquo; арнайы жобасы аясында Тараз қаласында &laquo;Түркі халықтарының рухани құн&shy;дылықтары және Қоңыр Ман&shy;доки мұрасы&raquo; тақырыбында ха&shy;лық&shy;аралық ғылыми-танымдық онлайн-конференция өтті.</p>

Мандоки мұрасы – түркі халықтарына ортақ құндылық

Аталған шараны Жамбыл облыс­­тық тарихи-өлкетану музейі мен Мажар-Қазақ «Barsz» қоры ұйым­дастырды.

Жиынға бейнебайланыс режімі арқылы облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев қатысып, Иштван Қоңыр Мандокидің тағылымды өміріне тоқталды. Ғалымның мұрасы түбі бір түркі халықтарының ортақ құн­ды­лығы екенін жеткізді. Сондай-ақ, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшы­сының орынбасары Сара Мәдиева Тараз төрінде өтіп отырған конферен­цияның маңыздылығына тоқталып, бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қолға алынған ірі жобалардың бірі екенін айтты. Соны­мен қатар, жиын барысында Қазақ­стан Республикасының Мажар­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқанұлы, Мажар-Қазақ «Barsz» қорының президенті Андраш Гал, түрколог ғалым, этнограф Кара Давид Шомфай, «Қазақ диаспорасының» төрайымы Оңайша Мандоки сөз сөйледі.

Жалпы, аталған халықаралық кон­фе­ренцияда ғалымдар Қоңыр Ман­доки шығармашылығына байланысты баяндамалар жасады. Ғалым­ның мол мұ­расы жөнінде әңгіме­леді. Ал жиын­ға модераторлық еткен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универ­ситетінің доценті, филология ғы­лымдарының кандидаты Темір­бай Мұқашев конференцияны қоры­тындылап, қатысушыларға алғыс айтты. «Конференцияның негізгі мақсаты – Иштван Қоңыр Мандокидің бай рухани мұрасын насихаттау және елімізде зерттелуіне серпін беру. Сонымен қатар Мандоки заманындағы Ұлы дала өркениеті мен тұлғалары туралы қазіргі уақыттағы соңғы зерттеулерді ғылыми айна­лымға енгізу, насихаттау», дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сейітжан Ілияс.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Мандоки мұрасы – түркі халықтарына ортақ құндылық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар