Хоккей
1 мин оқу 192

«Барыс» ойсырай ұтылды

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген &laquo;Барыс&raquo; кезекті тур ойынын елордада өткізгеніне қарамастан, Новосібірдің &laquo;Сибирь&raquo; клубынан ойсырай ұтылды.</p>

«Барыс» ойсырай ұтылды

Бірінші кезеңде екі команда әбден тіресті. Алайда бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Ал үзілістен соң жағдай күрт өзгер­ді. Қонақтар қарқынын күрт күшейтсе, айдын иелері білгендерінен жаңылып, жиі қателікке ұрынды.

Осы мүмкіндікті қонақтар ұтымды пайдаланып, Владислав Ушенин екі рет (4 пен 31-минуттар) және Дмитрий Саюстов (33-минут) бір мәрте нысананы дәл көздеді.

Үшінші кезеңде де олар қарқындарын еш бәсеңдетпестен тағы екі мәрте мергендік танытты. Бұл голдардың авторлары – Олег Ли (52-минут) мен Данил Романцев (56-минут). Тек бәсекенің аяқталуына екі минуттан аса уақыт қалғанда Никита Михайлистің бір шайбаны қақпаға енгізуге шамасы жетті. Есеп – 1:5.

Қазіргі кезде 57 кездесуден кейін 66 ұпай жиған «Барыс» «Шығыс» конференциясында сегізінші орынды қанағат тұтуда. Енді олар бүгін Қазанның «Ақ Барсымен» сырт айдында ойнайды.

Бөлісу:
«Барыс» ойсырай ұтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар