Спорт
1 мин оқу 240

Аса қиын топқа тап болды

<p style="text-align: justify;">Кеше Нидерландтың Роттердам қа&shy;ла&shy;&shy;&shy;сында осы жазда Токиода алауы тұ&shy;&shy;тануы тиіс Олимпия ойындары бағ&shy;&shy;дар&shy;&shy;ламасындағы ватерполшылар тур&shy;нирінің жеребесі тартылды.</p>

Аса қиын топқа тап болды

Соған сәйкес Қазақстанның ерлер құра­масы «В» тобында өнер көрсететін болды. Қарсыластарымыз – Аустралия, Хорватия, Сербия, Испания және Черногорияның су добы шеберлері.

Өздеріңіз байқа­саңыздар, бұл командалар арасында осалы жоқ. Бар­лығы да аса ірі халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріліп жүрген мықты әрі тәжірибелі құрамалар. «А» тобында Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ, Мажарстан, Грекия, Жапония және Италия ватерполшылары өзара күш сынасады.

Ал әйелдер сайысына қатысатын командалар мынадай топқа бөлінді: «А» тобы – Аустралия, Оңтүстік Африка Республикасы, Нидерланд, Испания және Канада. «В» тобы – Ресей, Қытай, Мажарстан, АҚШ және Жапония.

Бөлісу:
Аса қиын топқа тап болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар