Аймақтар
1 мин оқу 223

Атырауда егде жастағы дәрігер вакцина салдырды

<p style="text-align: justify;">Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың қатарында 73 жастағы дәрігер Марат Есжанов та бар. &nbsp;&nbsp;</p>

Атырауда егде жастағы дәрігер вакцина салдырды

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың мәліметінше, Атырауға вакциналау басталардан бір күн бұрын «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қазір  вакцина Атырау қаласындағы 16, аудандардағы 8 арнайы ашылған орында салынып жатыр.

«Дәрігерлермен бірге, коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алдым. Вакцинация аздап ауырсынумен қатар жүрді. Бірақ бірінші кезеңнен кейін жанама әсері болған жоқ. Вакцина алу – «Covid-19» қауіпті вирусын жұқтырмаудың басты жолы» дейді Бақытгүл Хаменова.

Коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырған 73 жастағы хирург Марат Есжановтың айтуынша, жанама әсері байқалмапты.  

«Мен де 1 ақпанда әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші кезеңін алдым. Дене қызуы, әлсіздік, бас айналу секілді әсерлер, басқа да асқынулар болған жоқ. Вакцинациядан кейін 10-15 минут дәрігерлер бақылауында болдық. Кейін күнделікті жұмысымызға кірістік» дейді Марат Есжанов.

Бөлісу:
Атырауда егде жастағы дәрігер вакцина салдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар