Елорда
1 мин оқу 153

Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын және ойын кешені ашылады

<p style="text-align: justify;">Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы, ойын кешені ашылады. Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы&nbsp;<a href="https://www.instagram.com/p/CLoMkpnpQnA/?igshid=1r0co6ea3mhco">Instagram</a>&nbsp;парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.</p>

«Скейт-алаң, стритболға арналған орын, тыныш демалыс аймағы, ойын кешені. Осының барлығын Иманов көшесі, 10/1 және Ғабдуллин көшесі, 11 үйлердің ауласына орнату ұсынылған. Аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешімін Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығы аудан тұрғындарымен өткізілген 5 кездесуден кейін әзірледі», делінген жазбада.

Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының тілектерін жинайды. Кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде жаңа қоғамдық кеңістікті ұйымдастырудың эскиздік ұсынысы пайда болады. Жобаны биыл іске асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Урбанистика орталығы осындай кездесулерді апта сайын қаланың әр ауданында өткізеді. Жұмыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізілуде.

Бөлісу:
Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын және ойын кешені ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар