Аймақтар
1 мин оқу 310

Қарлы боран: Қостанайда автобустардың жүру кестесі қысқарды

Қостанайда бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қала ішіндегі қоғамдық көліктердің жүру кестесі қысқартылды.

Қарлы боран: Қостанайда автобустардың жүру кестесі қысқарды

Қар құрсауында қалған қаланың іші қайта күшейген ақтүтек боранның салдарынан дұрыс көрінбейді,  көшеде қар қалың.

Қала әкімдігінің ТКШ бөлімі тұрғындарға «23-ақпан күні автобустар соңғы аялдамадан сағат 18:00-де соңғы рет шығады. Үйлеріңізге ертерек жетіп алу жағын ойлаңыздар» деп ескертті.

Ал төтенше жағдай департаменті бүгін Қостанайда жұмыс күнін қысқарту керек деген ұсыныс білдірді. «ТЖД қарлы боранның күшеюіне байланысты, мемлекеттік органдарға, білім мекемелеріне, сауда орындарына сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеуді кеңес етеді» - деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қарлы боран: Қостанайда автобустардың жүру кестесі қысқарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар