Кино
2 мин оқу 396

Қазақ телевизиясының қарлығашы

<p style="text-align: justify;">Қазақ телевизиясының қарлығашы Зұлқия Жұматова 101 жасқа толды. Ғибратты ғұмыры талайға үлгі болған тағылымды тұлғаның туған күніне орай Алматы музейінде арнайы көрме ашылды.</p>

Қазақ телевизиясының қарлығашы

Әдемі үнімен, келісті кел­бетімен көрермен көңілінің көк­жиегінен көрінген ол қазақ теледидарындағы тұң­ғыш диктор ретінде тарихта қалды. Бүгінде телевизия сала­сының үлкен-кішісі Зұл­қия Мұқанқызын «қазақ диктор­ларының анасы» ретінде таниды. Алматы телестудиясы алғаш ашылған 1958 жылы 750 үміткердің ішінен суырылып шығып, қазақ тілінде хабар таратқан талапты жас жемісті жылдарын көрерменіне арнады.

Көрмеге диктордың өмір белес­терінен сыр шертетін тарихи фотосуреттер, архивтік құ­жат­тармен қатар, З.Жұматова жа­йында түсірілген хабарлар мен жазылған материалдар топтастырылған. Әсі­ресе, туған күн иесінің әйгілі дик­­торлар Юрий Левитан, Нелли Ан­дреевамен бірге түс­кен ес­телік суреттері көр­ме қабыр­ғасынан ерекше орын алған. Іс-шараның ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдерімен бірге Зұлқия Мұқанқызының өзі де келді. Көңілі алтын сан­­­дықтай абыз ана өткен күн­­дердің әсерлі есте­лігімен  бөлісті.

– Біздің кезеңмен бүгінгі күнді салыстыруға келмейді. Эфир­де бізді ауыстыратын адам болған жоқ. Айтарымызды бір парақ қағазға жазып алып шы­ғатын едік. Өзімізді экраннан көре де алмайтынбыз, барлық хабарлар тікелей эфирде өте­тін. Жұмысымызға асқан жа­уап­кершілікпен қарадық. Сол қиын кезеңдерде жүріп ысыл­дық. Телевизия – шығар­ма­шы­лық топтың еңбегін қа­жет ете­тін ұжымдық жұмыс. Терең ізденістер жасадық, көп ең­бек­тен­дік. Мұхтар Әуезов сияқ­ты заңғар тұлғалардан сұх­бат алу бақыты бұйырды. Ол кісі­­мен ди­дарласқаным әлі есім­де. Ха­бар аяқталғаннан кейін Мұхаң «Асылкеш» деп менің қолым­нан сүйді. «Асы­лыңыз­ды түсіндім, кеш деге­­ніңізді түсін­бедім», деп Мұхаңа қара­дым. Ол кісі болса жайдары үнмен: «Асылкеш дегенім, асыл жан деген сөз. Сендер асыл жан­сың­дар» деп күлімсірей қа­рады. Біз­дің қазақшаны қай­мақтап сөй­легенімізге, қазақ­ша хабарлар ашылғанына жазу­шының қатты қуанғанын бай­қадым. Ол күн­дер­дің бар­лығы менің көз алдымда әлі күнге дейін дәл бүгінгідей жаң­­­ғырып тұр, – дейді Зұлқия Жұ­матова.

АЛМАТЫ

Бөлісу: