Футбол
1 мин оқу 163

Құнды ойыншылар қатарында

<p style="text-align: justify;">Ресейдің Футбол ұлттық лигасындағы (ФҰЛ) ең құнды ойыншыларының тізімі жарияланды. Үздіктер арасында Қазақстанның да өкілі бар.</p>

Құнды ойыншылар қатарында

Күні кеше ғана Самараның «Крылья Советов» клубының жейдесін киген Абат Айымбетов өзінің әріптестері Иван Сер­геев және Никита Черновпен бірге екін­ші және төртінші орындарды өзара бөлі­суде. Немістердің Transfermarkt порталы ұсынған мәліметке сүйенсек, олардың әрқай­сысы 1,5 млн еуроға бағаланып отыр. Ал бұл көшті айтулы клубтың тағы бір ойыншысы Антон Зиньковский бастап тұр. Оның трансферлік құны – 2,5 млн еуро. Үздік бестікті «Оренбургтің» жартылай қорғаушысы Александр Нойок (1,1 млн еуро) қорытындылады.

Абат Айымбетов 25 жаста. Ол Қызыл­орданың тумасы. Спорттық жолын «Ақтөбе» клубында бастаған қандасымыз былтырғы маусымды Алматының «Қайра­тында» өткізіп, 20 кездесуде 10 гол соқты. 2019 жылы Қазақ­станның ұлттық құрамасының жейдесін киді. Республикамыздың бас командасы сапында 12 рет жасыл алаңға шығып, екі голдың авторы атанды. 

Бөлісу:
Құнды ойыншылар қатарында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар