Аймақтар
1 мин оқу 590

Шымкентте 2021 жылы 7 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Шымкент қаласында осы жылы мұғалімдер мен жаттықтырушылардың еңбекақысы 25 пайызға, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 50 пайызға артады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қала әкімі халық алдындағы есепті жиында  адами капиталды дамыту жөнінде баяндап, келесі ортақ мақсат – инфрақұрылым екені және 2021 жылы халықты сапалы ауызсумен қамтылуы туралы айтып өтті.  Қала әкімі халық алдындағы есепті жиында  адами капиталды дамыту жөнінде баяндап, келесі ортақ мақсат – инфрақұрылым екені және 2021 жылы халықты сапалы ауызсумен қамтылуы туралы айтып өтті.  

Қала әкімі М.Әйтеновтің айтуынша, қазір қаладағы 81 шағын ауданның 69-ы орталықтандырылған ауыз суға қосылған. 5 шағын аудан кестемен, 7 шағын аудан суды тасып ішеді. 

Өткен жылы 17 шағын аудан және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам сапалы сумен қамтылды. Нәтижесінде көрсеткіш 95 пайыздан асты.

Биылғы жоспар бойынша 3 магистралды және 7 елді мекенге су құбыры жүргізіледі. Осының есебінен тағы 25 мыңнан астам адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға  жеткізіледі. 

Бөлісу:
Шымкентте 2021 жылы 7 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар