Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді
<p style="text-align: justify;">Елімізде 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді. Бұл туралы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева <a href="https://web.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1263546350712750&id=100011721907159&_rdc=1&_rdr">Facebook</a> парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды», деп жазды Ю. Якупбаева
Оның айтуынша, 1 наурыздан бастап бірқатар нысанның жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Жасыл аймақта:
1) жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр)
2) 50 адамға арналған еске алу асы (залдың 30% ғана толтыра отырып)
3) бильярд қызметіне
4) ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына;
5) цирктарға
Сары аймақта:
Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.
АШЫҚ қосымшасы:
1) боулинг қызметі;
2) компьютер клубтарының қызметі;
3) фитнесс-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рқсат етілді.
«Жалпы алғанда санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етуге болады деген түсіністік бар», делінген жазбада.