Аймақтар
1 мин оқу 880
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
<p style="text-align: justify;">Атырауда жауған қалың қар қолайсыз ауа райының сақталуына, тұрғындардың жарақат алуына себеп болып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Облыстық аурухана баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, дәрігерлерге өткен бір тәулікте 43 адам жарақат алғаны жөнінде жүгініпті. Оның төртеуі жол-көлік оқиғасының салдарынан жарақат алыпты.
«Қалғаны көшеде құлап, әр түрлі жарақат алған. Дәрігерлер 7 адамның жарақатына гипс салуға мәжбүр болды. Көшеде жарақат алғандардың бәрі – ересектер. Ал, кәмелетке толмаған балалар өз үйінде жарақаттанған», деп мәлім етті аурухананың баспасөз қызметі.
Бөлісу: