Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
<p style="text-align: justify;">Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр және герман компанияларының басшылары онлайн-кездесу өткізді, оның барысында «жасыл экономиканы» дамыту, шикізатты декарбонизациялау, қайта өңдеу және сутегі экономикасы саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Кездесуге Siemens Energy, Linde, Deutsche Bahn, REMONDIS, Deutsche Bank, Bayer, SAP, Goldbeck Solar және басқа да 80-нен астам жетекші неміс компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты.
Герман экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс сөз сөйлеп, екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Онлайн-кездесу барысында Германияның жетекші компанияларының басшылары «жасыл экономиканы» дамыту перспективаларына, екіжақты ынтымақтастық әлеуетіне және бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды. Кездесу соңында «сұрақ-жауап» форматында пікірталас өтті.