Спорт
1 мин оқу 150
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
<p style="text-align: justify;">Өскемен гарнизонында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Қарулы күштердің арасында шаңғы тебуден жарыс өтті.</p>

– Жарыстың мақсаты – әскери қызметшілердің дене даярлығын сынау. Сондықтан да жарысқа спортпен жүйелі шұғылданатын әскери қызметшілер тартылды, – деді 27943 әскери бөлімі спорт және дене дайындығының бастығы, лейтенант Алмас Айдарханов.
Шаңғы жарысының қорытындысы бойынша I орынды басқарманың әскери қызметшілері, II орынды 1 мотоатқыштар батальоны иеленді. Ал 2 мотоатқыштар батальонының сарбаздары III орынды қанағат етті.
Бөлісу: