Аймақтар
1 мин оқу 890

Қалған өмірін қамауда өткізеді

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында қос қарияның қанын мойнына жүктеген қаскүнемге қатысты сот үкімі шықты. 81 және 89 жастағы қарт кісілерді тонап, айуандықпен ажал құштырған антұрған өмір бойына бас бостандығынан айырылды.</p>

Қалған өмірін қамауда өткізеді

Жаға ұстатар жағдай өт­кен жыл­дың жаз айында орын алған. Ерлі-зайыпты зейнет­кер­лерге қарақшылық шабуыл жасау дерегі бойынша тір­кел­­ген іс қылмыстық істер жө­нін­дегі мамандандырылған аудана­ралық сотта қаралды.

«2020 жылы шілде айында О. есімді сотталушы көлік сатып алу мақсатында ерлі-зайыпты К. және А. атты зейнеткердің пәтеріне заңсыз кіріп, оларға шабуыл жасап, пышақпен қор­қытып, ақша талап еткен. Егде жастағы қариялар қарсылық көрсеткенде, сотталушы оларға бірнеше рет пышақ салған. Қа­риялар оқиға орнында көз жұмды. Кейіннен сотталушы 500 доллар және 360 мың теңге мен ұялы телефонды ұрлап кеткен», деп хабарлады қала­лық соттың баспасөз қыз­меті.

Сотта прокурор айыпталу­шыны 20 жылға бас бостан­дығынан айыруды ұсынды. Ал жәбір­ленуші тарап өкілдері болса, өмір бойына бас бостанды­ғынан айыру жазасын сұрады. Қыл­мыс­кер кінәсін ішінара мойын­­даған.

«Сот үкімімен О. екі адамды өлтіргені және қарақшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостан­дығынан айыру түріндегі ең қа­таң жазаға кесілді. Қатаң жаза тағайындау барысында сот­талушының бұрын да қарақ­шылық үшін сотталғаны және ол әрекетінен сабақ алмағаны ескеріл­ген», деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Қалған өмірін қамауда өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар