Аймақтар
1 мин оқу 124

Жамбыл облысында «Допинг» жедел-алдын алу шарасы өтуде

<p>Жамбыл облысында 22-26 ақпан аралығында &laquo;Допинг&raquo; республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Допинг» жедел - алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері түрлі есірткі құқық бұзушылықтарының сегіз дерегін анықтады. Олардың бесеуі – аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында және оны заңсыз сақтауға қатысты қылмыстар, сондай-ақ қоғамдық орындарда есірткіні медициналық мақсатта емес қолдану.

Сондай-ақ, полицейлер екі әкімшілік теріс қылықты: есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорлар айналымы саласындағы нысандар мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарының бұзылуын, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы заттар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларының бұзылуын анықтады.
22 ақпанда заңсыз айналымнан 670 грамм 19 миллиграмм гашиш, 1 келі 652 грамм марихуана, күшті әсер ететін “Прозерин-Д” дәрісінің 10 ампуласы, “Дигоксин” дәрісінің 10 орамы, ауырсынуды басатын “Трамадол” дәрісінің 13 орамы алынды.

Бөлісу:
Жамбыл облысында «Допинг» жедел-алдын алу шарасы өтуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар