Арыста ресми іс-шара кезінде жаппай төбелес болды
<p style="text-align: justify;">Түркістандық полицейлер әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан бұзақылық жайтын анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/arysta-resmi-is-shara-barysyndaghy-tobeleske-qatysushylar-politsiyagha-zhetkizildi/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Мониторинг жасау кезінде әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірінің парақшасында жастар арасында орын алған төбелес жайлы жарияланған бейнежазбаны тапты. Оны тексеру кезінде оқиға Арыс ауданы ғимараттарының бірінде ресми іс-шара барысында орын алып, кейін көшеде жалғасқаны белгілі болды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, Арыс АПБ-ның қызметкерлері төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар екі оқу орнының білімгерлері, яғни жас жергілікті тұрғындар болып шықты. Олар бірден полиция бөліміне жеткізілді.
Төбелестен зардап шеккендер жоқ.