Тағайындау
1 мин оқу 360

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Үкімет Қаулысымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

Бөлісу:
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар