Бокс
1 мин оқу 120

Странджа-2021: Қазақстандық үш боксшы жарысты сәтсіз аяқтады

<p style="text-align: justify;">Болгария астанасы Софияда боксшылар бәсекесі жалғасып жатыр.&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> халықаралық "Странджа-2021" жарысындағы қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.&nbsp;</p>

75 келіде шаршы алаңға шыққан Райыс Нұрқанат швециялық қарсыласы Чартой Адамнан 3:2 есебімен басым түсіп, келесі айналымға жолдама алды.

Бауыржан Байгөншеков 81 келіде жұдырықтасып, армениялық Гор Нерсеяннан 3:2 есебімен ұтылып қалды. Сондай-ақ, Сағындық Тоғамбай (91 кг) да жарыстан шықты. Болгариялық боксшы Радосла Панталеевпен кездесу, өкінішке қарай, жеңіліспен аяқталды. 

91 келіден жоғарғы салмақта Айболды Дәуренді украиналық Цоне Рогава жарыс жолынан ығыстырды.

Бөлісу: