Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
<p style="text-align: justify;">Атырауда өзгенің мүлкін жымқырып кеткен екі жігіт жәбірленушіге 477 мың теңгенің материалдық залал келтірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық «Нұрсая» шағын ауданындағы үйлердің бірінде болған.
«Полиция қызметкерлері тұрғын үйдің есігін бұзып кірген ұрылар 14 дана жылыту батареясын, 1 дана перфораторы мен 250 метрлік кабельді қол еткенін анықтады. Тәртіп сақшылары аталған ұрлыққа қатысы бар екі күдіктіні видеокамераның көмегімен бір күнде ұстады. Күдіктілер – Атырау қаласының 32 және 31 жастағы тұрғындары. Ұрылар жәбірленуші азаматқа 477 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.