Білім
1 мин оқу 125

Көрші өңірдің көмегі

<p style="text-align: justify;">Қайырымдылық қолын созып, жанашыр&shy;лық құшағына алу &ndash; халқымыз&shy;дың ықылым заманнан бері бойына біт&shy;кен ізгі қасиетінің бірі. Таяуда Петро&shy;павл қаласындағы С.М.Киров атындағы зауыт ұжымы Көкшетаудағы Шоқан Уәли&shy;ханов атындағы университетпен бірле&shy;сіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы&shy;лардың студенттеріне соңғы үлгідегі ноутбуктерді тарту етті.</p>

Көрші өңірдің көмегі

Жастардың жанын жадыратқан бағалы сыйлыққа білім беру грантының жалпы конкурсы бойынша жоғары оқу орнына түскен студенттер лайық деп танылды. Бұл арадағы бас­ты мақсат – білімді жастарға қолдау көр­сету. Екінші бір қыры – жастар арасында адам­гершілік қасиеттерді насихаттап, айрық­­ша мәнді маңызын ұғындыру. Зауыт өкіл­­дерінің айтуларына қарағанда, мұндай іс-шаралар өткізу берік дәстүрге айналған екен. Осы бір қайырымдылыққа негізделген қадам арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу бары­­сында белсенділік танытып, өзгеге өнеге болуда.

– Бар жақсылық өсемін деген, білім аламын деген жастарға жасалуы керек, – дейді зауыт директорының орынбасары Қайрат Әлі­беков. – Бұған дейін төрт облыста әлеу­мет­­тік жағынан аз қамтамасыз етілген отба­сы­ларға әрқилы планшеттер мен ноутбуктер сатып әпердік. Алдағы уақытта Ауған соғы­­сы ардагерлерінің отбасыларына көмек көрсет­­пекшіміз.

Бағалы сыйлыққа ие болған студенттер мәз-мейрам. Жаман індет жайлағалы қа­шық­­тан оқу жүйесіне ауысқан олар «бұл жаб­дық­тар біз­ге әбден қажет еді» дейді.

– Соңғы үлгідегі техникаларды білім алу жолында пайдаланамыз, – дейді универ­ситет студенті Вера Нурышева. – Көрші об­лыс­тағы қайырымды жандардың көмегін іл­ти­патпен айта жүретін боламыз. Осындай уа­қыт­та ақ­жарқын ағалардың, ел болашағын ой­лай­тын аза­маттардың жанашырлық жа­сағаны қандай жақсы.

Көрші өңірдің көмек қолын созуы – құп­тар­­лық іс. Көршісі жақсының көші іркіл­мейді.

 

КӨКШЕТАУ

Бөлісу:
Көрші өңірдің көмегі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар