Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
<p style="text-align: justify;">Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 25 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өткен тәулікте елімізге Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.
2 178 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 682 адам, анықтамасыз 496 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 877, анықтамасыз - 292;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 1 009 жолаушы, анықтамамен - 805; анықтамасыз - 204.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 24 ақпанда шетелден анықтамасыз келген барлық 284 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.