Жаңалықтар
1 мин оқу 284

Түркияда ереуілшілер премьердің отставкаға кетуін талап етуде

28 12 - Turkey akciya

Түркия полициясы премьер-министр Тайип Эрдоганның отставкаға кетуін талап еткен жүздеген ереуілшіні Ыстамбұлдағы Таксим алаңынан ығыстырып шығарды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Аль-Маядин» телеарнасының ақпары бойынша, тәртіп сақшылары ереуілшілерге қарсы су атқыш пен пластикалық оқтар қолданған. Ереуілшілер Таксим алаңына 27 желтоқсан күні сағат 19:00-ден бастап жинала бастаған екен. Полиция қызметкерлері ұйымдасқан ереуілді болдырмай, премьер қарсыластарын бірден таратып жіберген.

Наразылық акциясы Түркия билігінде орын алып жатқан жанжалға орайластырылып отыр. Мұндағы жемқорлыққа қарсы ауқымды іс-шара барысында 50 күдікті қамауға алынған. Олардың арасында бұрынғы үкіметте қызмет еткен үш министрдің ұлдары бар. Енді Түркия Бас прокуратурасы министрлердің өздеріне де қатысты қылмыстық іс қозғайтын көрінеді.

Өткен сәрсенбіде Тайип Эрдоган үкіметте біраз өзгерістер енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com        

Фото: Itar-tass.com

Бөлісу:
Түркияда ереуілшілер премьердің отставкаға кетуін талап етуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар