Жаңалықтар
1 мин оқу 331
Қарағандыда облыс әкімінің орынбасары тағайындалды
|
Ғ.Әшімов 1968 жылы туған. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген. Мамандығы - экономист-менеджер. Жәйрем кентінің, Қаражал қаласының әкімі, облыс әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды. Жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болған.
Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Айтуғанов «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бақытбек Кенешұлы. Дереккөз: Vest.kz Фото: Vest.kz. |
Бөлісу:
Қарағанды облысы әкімі Бауыржан Әбдішевтің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен Ғалым Әбіханұлы Әшімов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Vest.kz хабарлады.