Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды

Түркістанда инвесторлардың көмегімен микробизнесті, стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін қолдау мақсатындағы «Кәсіпкерлік қырандары» қанатқақты жоба бастау алды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен телевизиялық жобаның алғашқы түсірілімінде жас кәсіпкерлер тәжірибелі бизнес өкілдерінің алдында бизнес - жобасын қорғады.

Мол табыс табудың қыр-сырын үйретіп, кәсіптің өркендеуіне үлес қосуға өңір кәсіпкерлері қолдау көрсетеді. Тұңғыш рет қолға алынған жобаға Қ.Абасов, Н.Әбішев, С.Арапбаев, А.Ахметов, С.Ертаев, Т.Мұратов, М.Рисметов, И.Намазбаева, Б.Серманизов сынды өңірдегі ірі бизнесмендер қатысты. Ток-шоу бағдарламасы наурыз мерекесінде «Turkistan» телеарнасының алғашқы эфирінде жарыққа шығады. Облыс әкімі өңірдің жас кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мүмкіндігі үшін инвесторларға алғыс айтты. «Кәсіпкер болу үшін өзі таңдаған саласында біліктілік пен кәсібилік керек. Кәсіпкерлер күнделікті тәуекелге барады. Сондықтан екінің бірі кәсіпкер бола алмайды. Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл сала Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет басшысының ерекше назарында. Өздеріңіздей, жас та болса жеке кәсіптің тұтқасын ұстауға құлшынған азаматтарды қолдаймыз», деді Өмірзақ Шөкеев. Сондай-ақ облыс басшысы стартаперлердің, жас кәсіпкерлердің жобаларын және әлеуметтік жобаларды қолдау бойынша соңғы екі жылда қабылданған шараларға тоқталды.
Айта кету керек, инвесторларға өңдеу өнеркәсібі, тамақ және ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және туризм салаларындағы 60-қа жуық әлеуетті жобалар таныстырылды. Қатал сараптаудан өтіп, финалдық кезеңге шыққан жоба авторлары инвестиция үшін күресте өздерінің бизнес - идеяларын ортаға салды. Жобалардың басым бөлігі Түркістан қаласында жүзеге аспақ. Атап айтқанда, өңірде таза табиғи өнімнің өндірісі дамып, мырышпен қапталған құрылыс материалдары шығарылмақ. Жаңа тәсілмен анар мен алмұрт өсіріліп, ветеринариялық жедел жәрдем ашылады. Экологиялық таза полиэтилен қапшықтары өндіріле бастайды.
Отырыстың қорытындысы бойынша, инвесторлар мен қатысушылар арасында 88 млн теңге болатын жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы 8 меморандум жасалды. «Атамекен» ӨКП және облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы ұйымдастырған іс-шара жалғасын табады. Инвесторлар қолдауын тапқан барлық жобаның даму сатысы бақыланып, есептік кездесу өтеді.