Аймақтар
1 мин оқу 282

Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Жылыой ауданында полиция бөлімінің​ қызметкерлері есірткіні заңсыз сату дерегін анықтады.</p>

Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды

«Жақында Жылыой ауданының полицейлеріне ер адамның есірткіні пайдаланып, оны  тарататыны туралы жедел ақпарат түсті. Тәртіп сақшылары «Дәрмек» жедел іс-шарасын жүргізіп, 1977 жылы туған азаматты үйінен  ұстады», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

​Қазір ұсталған адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар