Спорт
1 мин оқу 200

Алты медальмен оралды

<p style="text-align: justify;">Болгарияның бас шаһары &ndash; Софияда өткен халықаралық &laquo;Странджа&raquo; тур&shy;&shy;&shy;нирі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі тур&shy;нир&shy;де өнер көрсеткен Қазақстан құра&shy;ма&shy;&shy;сының боксшылары елге бір алтын, екі күміс және үш қола жүлдемен орал&shy;ды.</p>

Алты медальмен оралды

Ерлер және әйелдер құрамасы қатысқан байрақты бәсекеде ел қоржынына алтын медальді әйелдер арасында 69 кило сал­­­мақта жұдырықтасқан әлем чемпионы Валентина Хальзова салды. Ал тур­нир­дің финалында бақ сынаған Анге­лина Лукас (51 кг) пен Надежда Рябец (75 кг) қар­сы­ластарына есе жіберіп, би­ылғы жа­рыс­тың күміс жүлдегерлері атанды. Сон­дай-ақ Карина Ибрагимова (60 кг) қола медаль­ге ие болды.

Өкінішке қарай, ерлер құрамасы ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жет­кізе алмады. 8 салмақ бойынша жұды­рық­тасқан жігіттеріміз небәрі екі қола жүл­де еншіледі. Атап айтар болсақ, жастар ара­сындағы Азия чемпионы, былтырғы ересектер арасындағы ел чемпионатының қола жүлдегері Бейбарыс Жексен (57 кг) мен 2020 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқанат Райыс (75 кг) үшін­­ші орынды қанағат тұтты.

Бөлісу:
Алты медальмен оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар