Спорт
1 мин оқу 360
Жұптық сында топ жарды
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері елордадағы «Дәулет» тен­­нис орталығында өтіп жатқан ха­лық­­аралық Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жұптық бәсекесіндегі же­ңімпаздар есімдері белгілі болды.</p>

Украиналық Денис Молчановпен бірге жұп құрап өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Александр Недовесов жарыс жеңімпазы атанды. Осы доданың бірінші ракеткасы саналатын қазақстандық-украиналық жұп финалда америкалық Натан Паша және Макс Шнурмен кездесті. Бірінші партияда А.Недовесов пен Д.Молчанов 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте де дәл осы есеп тіркелді – 6:4. 1 сағат 9 минутқа созылған ойында қазақстандық-украиналық жұп жеңіс тұғырына көтерілді.
Бөлісу: