Аймақтар
1 мин оқу 162

Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды

<p style="text-align: justify;">СҚО Қызылжар ауданының бір тұрғыны жалға берген үйіндегі темір қазандықты жоқ қылып, қашып кеткен пәтершінің үстінен шағым айтып учаскелік инспекторға жүгінген.</p>

Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды

Якорь ауылдық округінің учаскелік инспекторы Әлібек Елубаев бағасы 100 мың теңге тұратын темір қазандықты ұрлаған сол үйді жалға алған, бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған 25 жастағы адам екенін анықтады. Пәтерді жалға алушы қазандықты алыпсатарларға өткізіп, өзі басқа ауылға қашып кеткен екен. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Қазір күдікті ұсталды, енді полицейлер жоғалған мүлікті заңды иесіне қайтару үшін шаралар қолдануда.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар