Қоғам
1 мин оқу 175

Қосылу шартына қол қойды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Бәйтерек&raquo; және &laquo;ҚазАгро&raquo; холдингтерінің басшылары Айдар Әріпханов пен Ербол Қарашөкеев тапсыру актісіне және қосылу туралы шартқа қол қойды. Тапсыру актісі ағымдағы жылдың 15 наурызында бекітіледі.</p>

Қосылу шартына қол қойды

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыр­күйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жос­пары­ның 52-тармағын орындау шеңберінде, «Бәйтерек» холдингі «ҚазАгро» холдингін қосып алу жолымен бірыңғай даму институтын құру жұмысын жүргізуде. Сондай-ақ портфельдік компаниялар саны 14-тен 7-еуге дейін қысқартылып, штат саны тиісінше түзетілетін болады. 

– «Бәйтерек» жаңа функциялармен толыққан қуатты мемлекеттік холдинг ретінде өз жұмысын жалғастырады. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Холдинг іске асыратын мемлекеттік бағдарла­ма­лар­дың саны артуда. Алдыңғы кезекте – агроөнер­кәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдар­ламасы. Біздің міндетіміз – қосылу процесін фер­мер­­леріміз аса сезінбейтіндей етіп, барынша ауырт­­палықсыз өткізу. «ҚазАгроның» алдында тұр­ған барлық міндет, оның ішінде көктемгі егіс жұ­мыстары, мал шаруашылығын, өсімдік шаруа­шы­лығын қолдау және тағы басқа міндеттер бізге өтіп, назардан тыс қалмайды. Жұмыс тиімді әрі сапалы болу үшін бар күшімізді саламыз, – деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов.

Қазіргі уақытта қайта ұйымдастыру бойынша барлық қажетті корпоративтік шешімдер қабылданып, «ҚазАгро» холдингінің активтерін түгендеу жұмысы аяқталды.

Бөлісу:
Қосылу шартына қол қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар