Қоғам
1 мин оқу 143

Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 24 ақпанынан бастап еліміз Түркістан қала&shy;сынан Ыстан&shy;бұлға халық&shy;ара&shy;лық рейстерді ашты. &laquo;Air Astana&raquo; және SCAT әуе компания&shy;лары бұл бағытта аптасына төрт рейс орындайды.</p>

Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?

Индустрия және инфрақұ­ры­лымдық даму министрлігі тиісті шешімнің эпидемиялық жағ­дай­дың өзгеруіне және Қазақстан Рес­публикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты қабыл­данғанын айтады.

Аталған шешім аясында Өзбек­стан, Қырғызстан және Украи­наға да рейстер санын арттыруға рұқсат етілген. Алматы – Ташкент – Алматы бағытында аптасына 4-тен 8 рейске дейін ұлғайды (Air Astana мен Uzbekistan Airways 2 рейсі қосылады). Алматы – Бішкек – Алматы бағытында аптасына 3-тен 5 рейске дейін (Air Astana 2 рейсі қосылады). Сонымен қатар Алматы – Киев – Алматы бағытында аптасына 1-ден 2 рейске дейін (Air Astana 1 рейсі қосылады) артады.

Рейстер санитарлық-эпиде­мия­лық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компа­нияларының сайттарында жарияланған кес­теге сәйкес орындалады.

Бөлісу:
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар