Аймақтар
1 мин оқу 380

Арқа көкпаршылары атқа қонды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысында көкпар ойынына деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, спорттың бұл түрін кешенді түрде дамыту қолға алына бастады. Бүгінде облыстың жаңадан іріктелген құрама командасы Үштөбе ауылындағы &laquo;Бәйтерек&raquo; қонақжайында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.</p>

Арқа көкпаршылары атқа қонды

Құрамы 18 балуаннан тұ­ратын ұжым толыққанды жат­тығу үшін бұл жерде барлық жағ­дай қарас­тырылған. Мы­салы, мұнда көкпар­шылар жай­лы жатын орынмен, дәмді тағам­мен қамтамасыз етілген. Көк­пар аттарының күтімі де жет­­кілікті деңгейде шешімін тапқан.

Өңір спортының басшысы Темірхан Абылаевтың айтуынша, көкпаршылар бұдан кейін Тараз қаласында 10-28 наурыз аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанады. «Облыс басшылығы тарапынан ұлттық спорт түрлеріне, оның ішінде көкпар ойынына мықты қолдау бар. Соның арқасында біз көкпаршылар командасының алаң­сыз жаттығуына жан-жақ­ты жағдай жасауға мүм­кін­дік алдық. Ұлттық спорт­қа де­меушілік көрсетіп отыр­ған намысты азаматтарға, оның ішінде «Бәйтерек» қо­нақ­жайының ие­леріне айтар ал­ғысымыз мол», дейді Т.Абылаев.

Еске салар болсақ, көк­пар­­дан Қа­зақ­станның чемпио­наты 28 наурыз бен 8 сәуір ара­лығында Тараз қаласында өтеді. Қарағандылық балуан­дар осы сында лайықты өнер көрсетіп, Арқа көкпар мек­тебінің абыройын асыруды алдарына мақсат етіп қойып отыр.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Арқа көкпаршылары атқа қонды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар