Спорт
1 мин оқу 261

Қос қола – қоржында

<p style="text-align: justify;">Болгарияның астанасы Софияда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy 2021 халықаралық турнирінің алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар екі қола жүлде жеңіп алды.</p>

Қос қола – қоржында

Алғашқы қола жүлдені ел қоржынына жуырда ғана Қазақстан кубогында топ жарған Мария Гречаная салды. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде сынға түскен жер­лесіміз екі бағдарлама қорытындысы бо­йынша 144,08 ұпай жинап, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Бірінші орынды бельгиялық Нина Пинзароне, екінші орынды швейцариялық Кимми Репонд иеленді.

Екінші қола жүлдені Қазақстан ку­богының тағы бір жеңімпазы 16 жастағы алматылық Михаил Шайдаров жеңіп алды. Әйгілі Олимпиада чемпионы Алексей Ур­­мановтың қоластында жаттығатын Шай­­­даров екі бағдарлама қорытындысы бойын­ша 191,65 ұпай жинады. Бұл сында бол­гариялық Ларри Лоуполовер жарыс жеңімпазы атанса, Дэвид Леутенбрайн екінші орыннан көрінді.

Бөлісу:
Қос қола – қоржында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар