Таңдауы Сондерске түсті
<p style="text-align: justify;">Дүние жүзінің бокс жанкүйерлері қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес ара­сындағы трилогияны күтіп жүр­ген­де, «Канело» келесі жекпе-жегін өт­кізу үшін отандасымыздың орнына екін­ші орта салмақтағы WBO чемпионы бри­таниялық Билли Джо Сондерсті таңдады.</p>

Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн «Канело» мен түркиялық Авни Йылдырым арасында өткен жекпе-жектен кейін мәлімдеді. Үш тұжырым бойынша өтетін титулды айқас 8 мамырға жоспарланған. Бірақ бокс кешінің қай елде өтетіні айтылмады. Өткен жексенбі күні «Канело» түркиялық Авни Йылдырыммен жекпе-жекте өзіне тиесілі чемпиондық белбеулерді сәтті қорғады. Мексикалық боксшының соққыларына шыдамаған Йылдырым төртінші раундқа шығудан бас тартты.