Технология
1 мин оқу 170

Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

<p style="text-align: justify;">Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин &laquo;Роскосмос&raquo; мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кездесу барысында тараптар Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) технологиялары бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің ЖҚЗ жерсеріктері топтамаларын әзірлеу жөніндегі бірлескен жоспарлар, сондай-ақ жедел деректермен алмасу бойынша сервистерді біріктіру мүмкіндіктері қаралды.

Бұдан басқа, тараптар қазақстандық және ресейлік жерсеріктер өндірушілерінің өнеркәсіптік кооперациясы саласындағы әлеуетті ынтымақтастық, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ғарыш аппараттарының құрастыру және сынау кешенін жүктеуді қамтамасыз ету шеңберіндегі мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ғарыштық ынтымақтастық саласындағы мәселелерді одан әрі егжей-тегжейлі пысықтау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Бөлісу:
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар