Аймақтар
1 мин оқу 1,090

Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласындағы &nbsp;жатақханада газ баллонының жарылуынан зардап шегіп, жансақтау бөліміне түскен бойжеткен он күннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1999 жылы туған қыз 1 наурыз күні сағат 23.35 минутта жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Оның денесінің 65 %-ы күйіп қалған еді.

Естеріңізге салайық, 21 ақпан күні Петропавлдағы Интернационал көшесі, 21 мекенжайындағы 5 қабатты жатақханада газ баллоны жарылды.

Екі адам қаза тауып, 15 адам ауруханаға жеткізілді.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сол үйдің тұрғындары - екі адам ауруханадан шығарылды. Қазір жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ, үш адам палатада ем алып жатыр.

Бөлісу:
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар