Спорт
1 мин оқу 170

Рейтингте жоғарылады

<p style="text-align: justify;">Кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген бірқатар қазақстандық боксшы шаршы алаңдағы жарқын жеңісінен кейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде өз орындарын жақсартып алды.</p>

Рейтингте жоғарылады

Мәселен, жуырда ғана Мексика жерінде кезекті жекпе-жегінде жеңіске жеткен бірін­ші орта салмақтағы қандасымыз Садрид­дин Ахмедов WBA тұжырымының наурыз айындағы рейтингінде үздік 15 бокс­шының қатарына кіріп, 15-орынды ие­ленді. Рейтингінің көшін Өзбекстан өкілі Исраил Мадримов (6-0, 5 КО) бастап тұрса, амери­калық Джермелл Чарло (34-1, 18 КО) WBA титулының «супер чемпионы» саналады.

Сондай-ақ ауыр салмақтағы жерлесіміз Жан Кособуцкий де аталған тұжырым бо­йынша әлемдік рейтингте ТОП-15 бокс­шының қатарынан орын алды. Жаңарған рейтингте ол 14-орынға жайғасқан. Бұл салмақтағы WBA Super чемпиондық белбеуі британиялық Энтони Джошуаға (24-1, 22 КО) тиесілі.

Бөлісу:
Рейтингте жоғарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар