Аймақтар
1 мин оқу 291
Екібастұзда жолаушылар вагоны өртенді
<p style="text-align: justify;">Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Кеше сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке қарсы күрес бөлімінің байланыс қызметіне Екібастұз қаласы, Астана көшесі 32Б мекен-жайында жолаушылар вагонының өртенгені туралы хабар келіп түсті. «Екібастұз моторлы вагон депосы» ЖШС-нің ашық аумағында теміржолда металдан жасалған жолаушылар вагонының жанатын бөлшектерінің барлығы жанып кеткен. Жалын 73 шаршы метр аумақты шарпыды», делінген хабарламада.
Бөлісу: