Аймақтар
1 мин оқу 910

Жыл басынан бері Ақтөбеде 13 бала жол апатынан жарақат алды

<p style="text-align: justify;">1 наурызда Ақтөбеде маршруттық автобус пен жеңіл автокөліктің қатысуымен ЖКО орын алды, онда &ldquo;Дэу-Нексия&rdquo; автокөлігінің салонындағы екі бала зардап шекті.</p>

Автокөлікпен сапарға шығарда, баланы балалар креслосына отырғызыңыз, балалар оған тез үйренеді және басқа орынға отырмайтын болады. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдігін өзіңіз бекітіңіз, өйткені бұл балаға жақсы үлгі болады.

– Балаларды ерте жастан бастап жол ережелерін сақтауға үйретіңіз. Жеке мысал оқытудың ең түсінікті түрі екенін ұмытпаңыз. Есіңізде болсын! Бала сізден, ата-анадан және басқа ересектерден үлгі алып, “жол заңдарын” үйренеді. Сіздің мысалыңыз тек сіздің балаңызға ғана емес, сонымен қатар басқа балаларға да көшеде тәртіпті болуға үйретсін, – деп түйіндеді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында балалардың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы орын алып, 13 бала түрлі дене жарақатын алды.

Бөлісу:
Жыл басынан бері Ақтөбеде 13 бала жол апатынан жарақат алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар