Футбол
1 мин оқу 222

«Астана» Ласина Траореге көз тікті

<p style="text-align: justify;">Қазіргі кезде бірқатар басылымда Түркияның &laquo;Бандырмаспорт&raquo; клубының шабуылшысы Ласина Траоренің &laquo;Астанаға&raquo; ауысуы мүмкін деген ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Астана» Ласина Траореге көз тікті

Ласина Траоре 1990 жылдың 20 тамызында Кот-д’Ивуардың Абиджан қаласында туып-өсті. Бойы – 203 сантиметр, салмағы – 94 кило. Кәсіпқой футболшы ретінде өз карьерасын «Стад Абиджанда» бастады. Кейіннен ЧФР (Румыния, 2008-2011, 2019-2020 жылдары), Кубань (Ресей, 2011-2012), Анжи (Ресей, 2012-2013), «Монако» (Франция, 2014-2018), «Эвертон» (Англия, 2014), «Спортинг» (Португалия, 2017), Амьен (Франция, 2017-2018) және Уйпешт (Мажарстан, 2019) клубтарының сапында өнер көрсетті.

2012-2015 жылдары Кот-д’Ивуардың ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, 13 кездесуде 4 гол соқты. 2015 жылы Ласина Траоре Африка ұлттары кубогының жеңімпазы атанды.  

Бөлісу:
«Астана» Ласина Траореге көз тікті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар