Президент
1 мин оқу 760

Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі», деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Бөлісу:
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар