Қоғам
2 мин оқу 280

Мемлекеттік тілде әзірленген заң жобасы

<p style="text-align: justify;">Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және Парламент депутаттары, сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен &laquo;Қоғамдық бақылау туралы&raquo; заң жобасын талқылау бойынша онлайн режімде дөңгелек үстел өтті.</p>

Мемлекеттік тілде әзірленген заң жобасы

Аида Балаеваның айтуынша, әзірленген заң жобасы – бұл барлық мүдделі тараптар, соның ішінде сарапшылар, заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері кіретін жұмыс тобы мүшелерінің ұжымдық еңбегі.

Сондай-ақ ол заң жобасын әзірлеу кезінде қоғам өкіл­дері­нің қағидаттық ұстаным­дары толық ескерілгенін атап өтті. Заң жобасына сәйкес қо­ғам­дық бақылауды жүзеге асы­­ратын тұлғалар тобы айтар­лықтай кеңейтіліп, олар­дың ішіне Қазақстан Республи­ка­сы­ның азаматтары мен ком­мер­циялық емес ұйымдар кірді.

Сонымен қатар қоғам өкілдерінің ұсыныстары бо­йынша қоғамдық бақы­лау объектілерінің тізбесіне бюджет қаражатын алатын заңды тұлғалар енген болатын. Заң жобасында қоғамдық бақылаудың бірқатар маңызды қағи­дасы бекітілген, олар­дың ішінде алуан түрлі нысандар, адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау, жария­лылық, ашықтық, қоғамдық бақы­лау­ды жүзеге асырудың заңдылығы қам­тылады.

Заң жобасын талқылау барысында Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова заң жо­басының азаматтық қоғам үшін маңыздылығын және қоғамдық бақылауды заңнамалық реттеу қажеттілігін айтты.

Заң жобасын әзірлеуші­лер­дің сөзіне қарағанда, атал­ған заң жобасының ерекше­лігі – ол мем­лекеттік тілде әзір­ленуінде. Заңды әзірлеуге Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ Құқық және салыстырмалы құқықтану ҒЗИ директоры, заң ғылымдарының кандидаты Қазыбек Дәуітәлиев белсенді қатысуда.

Өз сөзінде Қ.Дәуітәлиев: «Заң жобасы қоғамдық бақы­лау­ды жүзеге асырудың негіз­дерін қамтиды және қоғам өкілдеріне қоғамдық бақы­лауды жүзеге асыруға қатысуы үшін барлық жағдай жасайды», деді.

Өз кезегінде, Парламент Мәжі­лісінің депутаты Ерлан Саиров заң жобасының сапалы әзірленгенін жеткізді. Сондай-ақ депутат заң жо­басы Парламент Мәжілісі қабыр­ғасында қоғам өкілдерінің қаты­суымен белсенді түрде талқы­ла­натынына сенімін білдірді.

Талқылау барысында бел­гілі сарапшылар мен аза­мат­тық қоғам өкілдері Айгүл Соловьева, Зәуреш Бат­талова, Рахым Ошақбаев, Серік Беркамалов, Евгений Жов­тис және басқалар сөз сөй­леді. Іс-шара соңында министр кездесудің барлық қаты­су­шысына заң жоба­сын әзірлеуге белсенді қатыс­қандары үшін алғысын білдірді.

Бөлісу:
Мемлекеттік тілде әзірленген заң жобасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар