Руханият
1 мин оқу 191

Ақ халаттылардың абзал бейнесі

<p style="text-align: justify;">Жаһандық індетпен жан ұшыра алысқан ақ халатты абзал жан&shy;&shy;дарға қандай құр&shy;&shy;мет көрсетсе де ла&shy;йық&shy;ты. Ауыр дертпен арпалысқан дәрі&shy;гер&shy;лердің құрметіне орай Ұлттық музейде &laquo;Жақ&shy;сы дәрігер&raquo; атты фотокөрменің ашы&shy;лу салтанаты мен &laquo;Ба&shy;тырлар өз ортамызда&raquo; кітабының /white book/ тұсаукесер рәсімі өтті.</p>

Ақ халаттылардың абзал бейнесі

Айтулы жиынға мұ­рындық болған «Sultan MAGAZINE» респуб­ли­ка­лық қоғамдық-саяси, ақ­па­раттық-таным­дық журналы.

Көрменің салтанатты ашы­­лу рәсімінде беташар сөз­ді Ден­саулық сақтау ми­­­нистрі Алексей Цой ал­ды.

«Бүгінгі көрме мен «Ба­тыр­лар өз ортамызда» атты кітаптың тұсаукесерін Тә­уел­сіздіктің 30 жылдығына орай­­­ластыру – өте жақсы идея. Себе­бі қиналғанда кө­мек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көр­сете­тін, өмірлеріне қауіп төнген сәт­те араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жа­­та­тын дәрігерлерімізге қан­­дай құрмет көрсетсек те лайық», деді А.Цой.

Одан кейін сөз алған Ко­рей Республикасының Қа­­зақ­­стан­дағы Төтенше жә­не өкі­лет­ті елшісі Ку Хонг Сок пен Парламент Мә­жі­лісінің депутаты, «Ақ­­жол» демократиялық пар­тия­сы­ның жетекшісі Азат Перуа­шев медици­на қызмет­кер­лерінің жағ­да­йын жасап, олардың ең­бе­гін бағалау­дың ерекше маңызға ие екендігін атап өтті.

Ізгі лебіздерден кейін Тә­­уел­­сіздігіміздің 30 жыл­­дығына арнал­ған «Батыр­лар өз ортамызда» кіта­бы­ның лентасы қиылды. Атал­мыш көрмеге «live» фор­маттағы 200-ден аса фото­суреттер ұсы­нылды. Экспо­зия­цияланған әр суреттен ме­дицина маманда­рының мейірімді көзқарасы мен ты­нымсыз еңбегінің анық бейнесін көруге болады.

Бөлісу:
Ақ халаттылардың абзал бейнесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар