Аймақтар
1 мин оқу 410

Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген

<p style="text-align: justify;">Өткен жылы Түркістан облысы аумағында 16 заңсыз құрылыс нысандары сүрілген. Оның ішінде, 6 нысан сот шешімдерімен, 10 нысан түсіндірме жұмыстары арқылы меншік иелерінің өз еркімен бұзылған-ды.&nbsp;Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тарту Байтұрсынов мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Өткен жылы өңір көлемінде 715 жоба бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның ішінде 356 нысанның құрылысы бюджет қаражаты есебінен, 348 нысанның құрылысы жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен және 11 жоба инвестициялық қаржы есебінен салынуда. Сондай-ақ басқармада 2020 жылы заң талаптарын сақтамай салынған 84 құрылыс нысанына тексеру жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтар негізінде ҚР-ның ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 153 хаттама бойынша жауапқа тартылған», деді Т. Орынтайұлы брифингте.

Оның айтуынша, заң талаптары сақталмағаны үшін жалпы салынған айыппұл көлемі 28 935 945 теңгені құрайды. Негізінен, басқарма тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Аталған қызметтер 2019 жылдан бастап 100 пайызға электронды түрде көрсетілуде. 

Өткен жылы құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 1096-өтініш қабылданған.

Бөлісу:
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар